ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің жаңа тұжырымдасын дайындап жатыр

Қазір Қазақстанда басқа есірткі түрлеріне қарағанда синтетика сұраныс зор. Бұл улы затты қолжетімсді бағамен, еркін сатып алуға болады.

Ал оның адам денсаулығына зияндылығы басқалардан псып түседі. Еліміздің Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізудің жаңа тұжырымдасын дайындап жатыр.

Өзін Василий деп таныстырған біздің кейіпкеріміз жеңіл есірткіні алғашқы рет 13 жасында ермек үшін татып көрдім дейді. Қызығушылық тез тәуелділікке ұласып, екі жылдан соң ол тек геройн тұтынатын болған. Қазір Василийдің жасы қырықта. Нашақорлықтан құтылуға қанша әрекет жасағанымен әзірге нәтиже жоқ. Оңалту орталығынан шығысмен қайтадан инеге отырады.

Василий, нашақор:

- Бірнеше жыл бұрын мефедрон деген есірткіні қолданып көрдім. Бұл нағыз психологиялық тәуелділікке алып келетін, ең ауыр түрі екен. Ол адам  ағзасының барлық мүшесіне әсер етеді. Көз, тыныс алу, жүйке жүйесі бәрі әлсірейді.

Улы заттардың арзан және қолжетімділігі қоғам алдындағы басты қауіп. Қазір кез-келген жерден сатып алуға болады. Мамандардың айтуынша, бір грамм мефедрон жиырма мың тенге шамасында тұрады. Тапсырыс берсеңіз  қауіпсіз сәлемдеме ретінде есігіңіздің алдына жеткізіп беретін көрінеді.

Айдос Ибрагим, Оңалту орталығының директоры:

- Үйге жеткізіп беру тапсырысы пандемия кезінде пайда болған. Есірткі сатушылар сол кезеңдегі ас-тағамдарды үйге жеткізу қызметін пайдалана білді. Ораманы есік алдына тастап кетеді. Тауық етінің арасына салынған есірткіні полция  қайдан табады.

Қазақстанға есірткі заттар түрлі жолмен жеткізіледі. Ішкі Істер министрілігі өкілдерінің айтуынша, Ауғандық опиум транзиті Еуропаға Орталық Азия елдері арқылы өтеді. Одан бөлек Шу алқабы тағы бар. Бірақ есірткінің бүгінде кең тараған түрі синтетика болып тұр.

Айдос Ибрагим, Оңалту орталығының директоры:

- Әккі тасымалдаушының әр жерде есірткі қалдыратын 25-30 жасырын орыны болады. Такси қызметі де кет әрі емес ондай табыс түрінен. Көрсетілген жерде тастап жүре береді. Қылмыстық жауапкерішілікке тартылуы мүмкін екендігін ойламайды. 

Есірткі бизнесінің құлағын ұстағандардың  басты мақсаты-ақша табу. Олар обал сауапты ойламайды. Қаншама адам есірткінің ықпалына түсіп, өз өмірілеріне балта шапқандығы оларды алаңдатпайды.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

- Екі айдың ішінде бүгінгі таңда 500-лен астам қылмыс тіркелді.Заңсыз айналымнан 900-дан астам 986 кг есірткі тәркіленді. Оның 142-сі синтетикалық түрлері. Бір қылмыстық топ құрықталды. Және де 11 зертхананың жұмысы тоқтатылды. 11 зертхана дегеніміз ол ұйымдастырушысы бар, Ол зертханада көбісі медефрон әзірлейді.  

Қазақстанда есірткіні сақтап, таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тіпті құр жарнамаласа да түрмеге қамалуы ықтимал.  Қылмыскерлер қазір іздерін жасыру үшін түрлі айла-амалдарға барады. Сондықтан ІІМ алдағы үш жылға есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің жаңа жүйесін дайындады. Енді бұл сала қатаң бақылауға алынады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, С. Рахимбай, Сергей Трахтенберг