Алматылықтар «Көрісу күнін» Көктебеде атап өтті

Алматылықтар «Көрісу күнін» қаланың символына айналған Көктөбеде атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Концерттік бағдарлама театр әртістерінің сахналық қойылымымен басталып, әншілер әннен шашу шашты. Қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ таратылды. Көрісу күні – Наурыз мейрамының бастауы. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышатын шағы. Пенденің аузы аққа, малдың аузы көкке тиетін уақыт. Бұл күні адамдар өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейді. 

Нұрлан Оразалин, ақын, драматург:

- Түнде, күнде екеуі иықтасып келіп, Алла бізге сондай бір теңдікті берген кезең. Табиғаттың теңдігі, адам баласының ойының, мұратының, мақсатының теңдігі секілді символикалық сипаты бар кезең. Ал енді осы 22 наурызға дайындықты біздің ұлы даламызда Көрісу амалы дейтін қасиетті киелі сөз бар. Көрісу деген сөз дайындық.