Қобда ауданында үйін су басқандарға көмек беріледі

Қобда ауданында үйлерін су басқан отбасыларға көмек көрсетіледі.

Бұл жайында Ақтөбе облысының әкімі айтты. Қазір елдімекенде су өткізгіш метал құбырлар орнатылып жатыр. Ералы Тоғжанов бүгін автожол қозғалысы қалпына келетінін айтты. 13 наурызда даладағы еріген қар суы Қобда ауылындағы 15 тұрғын үй мен 32 аулаға жайылған еді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен екі мектеп және екі коммерциялық нысан да су астында қалды. Тұрғындар эвакуацияланды. "Қобда-Ойыл" автожолы учаскесінің екі бөлігінде бөгет салу жұмыстары басталды. 

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:

- Былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп қар жауды. Сондықтан осындай жағдайға тап болдық. Бәрін қалпына келтіреміз.