Ақтөбеде халық бір-бірін жыл басымен құттықтады

Ақтөбе шаһарының орталық алаңдарына қалың бұқара жиылып, бір-бірін жыл басымен құттықтады.

Мәдениет ошақтары концерттік бағдарлама әзірлеп, қолданбалы өнер бұйымдарының және ұлттық дәм-дастарханының көрмесі өтті. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, азық-түлік арзан бағаға саудаланды. Ұлыстың Ұлы  күнінің жаршысы деп саналатын бұл мейрам жаңа ай туып, жаңа жылдың қадам басқан сәтімен сай келеді.

БЛИЦ

1: Бүгін көрісу күні. Халықтың бәрі паркке келіп, өздерінің ниеттерін, күннің ауа райына жауынға қарамай ниеттерін білдіріп жатыр.

2: Береке бірлік, сыластық болса өркендеп өсіп Қазақстан ең алдыңғы қатарлы ел болады. Жыл құтты болсын!