Ақмола облысында экология нормасын бұзған 25 кәсіпорын жазаланды

Оларға 184 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Көбінесе қоршаған ортаны қорғау талаптарын өндірісік және тау-кен кәсіпорындары сақтамайды. Жалпы жергілікті департамент өкілдері былтыр 50-ден астам тексеріс жүргізген. Заңсыздыққа жол бергендердің дені  кезектен тыс қадағалау барысында анықталды. Ауаның ластануын мамандар арнайы құрылғының көмегімен тексерді.

Қадырхан Бейсенбаев, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Бізде «Ганк 4» деген прибор бар. Сонымен біз тексеріс барысында прокуратураға тексеріп, тіркеп, сол прибормен өлшейміз. Яғни сол қондырғы арқылы бекітілтеген нормативтен ауаның ластануы анықталып тұрса, айыппұл саламыз. Қадағалап отырамыз. Ал төлемге келсек. Біз былтыр 184 миллион теңге салсақ, соның 170-і төленді. Қазір 16-сы сот барысында анықталып жатыр.