«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңа нұсқасы дайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңа нұсқасы дайындады. Онда заң жобасын Ашық НҚА порталында талқылау қорытындысы бойынша қоғамнан жұмыс тобы журналистер қауымының, ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, біраз өзгеріс енгізген. Ол жайында бүгін онлайн конференция барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің департамент директоры Жасұлан Өміралиев жан-жақты түсіндірді.

Журналистердің мемлекеттік іс-шараларға еш кедергісіз өтуіне, қосымша жеңілдік ретінде берілетін баспасөз картасына қатысты көп сын айтылған. Соған байланысты жаңа заң жобасында бұл картаны уәкілетті орган жанындағы комиссия береді деген бап алынып тасталды.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінетін гранттың, ұзақ және қысқа мерзімді 2 түрі қалдырылған және оны кім, қандай мақсатқа алғандығы порталда ашық көрсетіледі.

«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңа нұсқасы тиісті органдардың сараптамасынан өткеннен кейін, Парламент қарауына жіберіледі.