Қазақстан мен Ресейдің арнайы қызметі қылмыстық топты ұстады

Қазақстан мен Ресейдің арнайы қызметі адам ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы операция кезінде Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында топтың 13 серкесі мен белсенді мүшелері ұсталды. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, аса ауыр айыптар тағылып отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, екі елдің азаматтарының адам ұрлау мен өлтіруге оқталу, ақша бопсалау секілді қылмыстырға қатысы бар болуы мүмкін.