Көкшетау қаласындағы білім беру нысандарында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алдымен құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтап, эвакуациялау барысын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Студенттер теорияда үйренгендерін практика жүзінде шыңдады.
Бұдан бөлек, жастарға жедел-жәрдем қызметі де таныстырылды. Бұл мақсатта оқу орнының жанынан арнайы медициналық палаткалар құрылған. Бірлескен оқу-жаттығу жиыны алдағы уақытта басқа білім ошақтарында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.
Қайрат Қасым, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
- Біздің облыс – төтенше жағдай тәуекелі жоғары аймақтың бірі. Сол себепті, ең алдымен, жастарға осы қауіп-қатерлердің барысын түсіндірдік. Яғни, өрттің алдын алу, алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керектігін де көрсеттік. Бұл студенттік шақта ғана емес, болашақтарына да қажет деп ойлаймын.
