Электораттың 51,98% дауыс берді. LIVE

Қазақстанда учаскелердегі дауыс беру процесі жалғасып жатыр.

Орталық сайлау комиссиясы араға екі сағат салып сайлаушылардың белсенділігі жайлы алдын ала мәліметті жариялап отырады.

Бақыт Топтаева, тілші:

Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

  1. Рахмет, Орталық сайлау комиссиясы жарты сағаттай бұрын жариялаған мәліметке сәйкес, таңнан бері сағат 16:00-ге дейін сайлаушылардың 51,98 проценті дауыс берді. Демек 6 млн 200 мыңнан астам сайлаушы конституциялық еркін білдірген. Қазақстандық электораттың ауқымы 12 млн 32 мың 550 азамат екенін ескерсек, жарымынан көбі сайлауға қатысқанын аңғаруға болады. 
  1. Белсенді өңірлердің қатарында
  • Кызылорда 64,95%
  • Қостанай 64,81%
  • Жамбыл обл 64,78%

 

Ал белсенділігі төмен электорат Алматы қаласында. Мұнда халықтың 19,4 проценті ғана конституциялық құқығын іске асырған. 

  1. Осы ретте айта кетерлігі, DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы «Қазақстандықтардың электоралды таңдауы» тақырыбында сауалнама жүргізген еді. 

Наурыздың басында жүргізілген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың жартысынан көбі, яғни алпыс процентке жуығы сайлауға қатысуды жоспарлаған.

27,7% дауыс беруге бармаймын деп шешкен, ал 12,7 %-і сол кезде әлі бару не бармауды ойланып жүрген еді.   

Енді ОртСайКомның жариялаған мәліметтерімен салыстырсақ, сайлау учаскесіне келу көрсеткіші 52 процентке жуықтады. Демек, сауалнама қорытындысына жетіп қалды.  Әр өңірде әрқалай болуы мүмкін, дегенмен, сайлау учаскелерінің жабылуына үш сағаттай қалды. Уақыт әлі бар.