Қарағанды облысында 102 жастағы әжей таңдау жасады

Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылында тұратын 102 жастағы Сәбилә Орманбаева сайлау учаскесіне таңсәріден өз аяғымен келіп, дауыс берді.

Ғасыр куәгері осы жасына дейін еліміздегі саяси науқанның бірде-бірінен қалыс қалмаған. Үнемі белсенділік танытып, жастарға үлгі көрсетіп жүреді. Әжеміз ешқашан ауруханаға жатып көрмеген. Бұл қимыл-қозғалыс пен тынымсыз еңбектің арқасы, дейді. Алтын құрсақты анамыз 9 баладан 25 немере, 6 шөбере сүйіп отыр. Сайлаудан соң ел келешегіне оң өзгерістер келсін деп жүрекжарды батасын берді.

Сәбилә Орманбаева, Құлайғыр ауылының тұрғыны:

- Сайлауларың жақсы өтсін. Келешектерің жарқын болсын. Заман тыныш болсын. Өздерің жақсы жүріңдер.