Ұлытау облысындағы перзентхана жаңа жабдықтармен толықты

Ұлытау облыстық көпсалалы ауруханасында бинокулярлық офтальмоскоп пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған құрылғы шала туған нәрестелерде жиі кездесетін ретинопатия дертін анықтайды. Осыған дейін өңір тұрғындары сәбиін офтальмологиялық скринингтен өткізу үшін Астана мен Алматыға баратын. Медициналық аппарат «Қазақстан халқына» қорының қаржысына сатып алынды. Қоғамдық қор дәл осындай құрылғыны еліміздегі 30-ға тарта емдеу мекемесіне сыйға тартқан. Себебі соңғы жылдары шала туылған сәби саны артып келеді. Тек өткен жылдың өзінде 30 мыңға жуық ана ай-күніне жетпей босаныпты. Ал Ұлытау облысы бойынша жыл басынан бері 38  нәресте мерзімінен ерте дүниеге келген. Олардың барлығы жаңа аппараттың көмегімен скринингтен өткізілді.

Айгүл Хамитова, жоғары санаттағы балалар офтальмологы:

- Офтальмоскоп арқылы уақытында дер кезінде туылған балаларды туғаннан кейін 2 аптадан бастап көздің тор қабықтарын тексере бастаймыз.Үнемі динамикада қарап отырамыз. Соған байланысты ретинопияның сатыларын анықтаймыз және уақытында соқырлықтың алдын аламыз.