Маңғыстаудағы киелі орында тазалық акциясы өтті

Маңғыстаудағы киелі орында тазалық акциясы өтті

Маңғыстау өңіріндегі киелі мекеннің бірі “Сұлтан Үпі” қорымында тазалық акциясы өтті.

Дәстүрлі шараға 100-ден аса ерікті қатысты. Жалпы аумағы 3 гектар жерден жиналған күл-қоқыс полиэтилен қапшыққа салынып, полигонға тасылды. Тұрмыстық қалдықтан тазаланған қасиетті орынға 50 түп жеміс ағашының көшеті егілді. Аталған қорым Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко елді мекеніне жақын жерде орналасқан. Жартастан ойылған жерасты мешіті мемлекет қорғауында. Тарихи орынға туристер жиі барады.

Иман Досмұханбетов, ерікті:

- Сұлтан Үпі қорымының шырақшысы бізге өрік ағашын егуімізді өтінді. Біз оған қоса шие, анар тұқымдарын ала келдік. Киелі орынға әсіресе жаз айлары адам көп келеді. Өкінішке орай, көпшілігі демалыс орнын шашып кетеді.