ҚР ПІБ ұжымы қарттар үйіндегі қарияларды мерекемен құттықтап барды

Елордадағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Наурыз тойы басталды.

Бүгін Президент іс басқармасы ұжымы мен Мемлекеттік күзет қызметі оркестрі қазыналы қарттарға ән мен жырдан шашу шашып, естелік сыйлықтарын табыстады. Әлеуметтік орталықта 300-ден аса қария тұрады. Оның жартысына жуығының жүріп-тұруы қиын. Мемлекеттік күзет қызметі оркестрінің өнерпаздары оларды да назардан тыс қалдырмады. Әрқайсының бөлмесіне барып, бірге ән шырқады. Жабыққан көңілін көтеруге тырысты. Жастардың ықыласына тәнті болған ата-әжелер ақ батасын жаудырды.

Шолпан Жұмағұлова, ҚР Президенті Іс басқармасы бөлім меңгерушісінің орынбасары:

- Сонымен қатар барлық қарттармен де, біз олардың тұрмыс жағдайын көріп, қалай тұрып жатыр бұл жерде? Неге мұқтаж? Қалдарын біліп, олармен пікір алмастық. Жалпы іс басқармасы осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрады.