Жетісу облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіледі

Жетісу облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіледі.

Осыған дейін өңірдегі 108 мекеме арнайы күзет қызметінің бақылауына берілген. Ал биыл тағы 141 мектепті, балабақша мен колледжді кәсіби мамандар күзетеді. Бұл үшін бюджеттен 442 млн теңгеден аса қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар өңірдегі 200-ден аса білім ошағының ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары жаңартылады. Құрылғының бейнежазбаны сақтайтын жадын ұлғайту жоспарланған. Әрі оқушылардың беті-бейнесін анықтайтын жүйеге негізделген турникеттер орнатылмақ.   

Руслан Әлімбатырұлы, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Осыған дейін бізде 202 мектепте турникет орнатылса, биыл тағы 75 білім беру ұйымына турникет орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында жедел басқару орталықтарына дабыл нүктелерін қою мақсатында жұмыс атқарылып жатыр.