Ақжайық жұрты Наурыз мерекесін тойлап жатыр

Ақжайықтағы ағайынның биылғы әз-Наурыз мерекесін Көрісу күнінен бастап кеткені рас.

Бұл іске мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтары, комьюнити орталықтары және өзге де еңбек ұжымдары зор үлес қосқанын айта кеткен жөн.

Мәселен, бүгін  қаламыздың басты алаңында «Жаңарған жер - Бақ қонған ел!» атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар қойылды. Ұлттық спорттық ойындар мен қолөнер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ал мен дәл қазір еңбек адамдарының, дәлірек айтсам дәрігерлер қауымының ортасында тұрмын. Бүгін олар да ақ халаттың орнына ұлттық киімін киіп, мерекелік шараға белсене атсалысып жатыр екен.

Қалаулы Құдабаева, медбике:

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Айта кетейін, Ақжайық атырабында қазір күн жылынды, тасқын қаупі сейілді, той тойлаған жұртшылықтың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі. Бәрінің айтар тілегі де ортақ. Ол бейбіт заман, ашық аспан, кемел келешек, бірлік пен береке ғана!