Алматыда теміржолшылардың жалақысынан жеген есепші ұсталды

Алматыдағы теміржолшылар бөлімшесінде сенімді адамдарына артық ақша жазып, артынан өзі алып отырған есепші ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған бір себеп: жалақыны есептеуге арналған SAP HRP бағдарламасы мен кәсіпорынның интернет-банкингі арасында байланыс болмаған. Қазір айыпталушы соттың үкімін тосып отыр. Бұған дейін де осы кәсіпорында дәл осындай жолмен 80 млн теңгеден астам ақша ұрлаған үшін жетекші есепші сотталған еді. Енді Көлік прокуратурасы ұрлық қайталанбас үшін бухгалтерия қызметін цифрландырмаған лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрап отыр.