Тараз тұрғыны жер сілкінісінен хабар беретін құрылғы ойлап тапты

Тараз тұрғыны дабылды қолда бар заттардан құраған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ағашқа электрод қағып, оған сым жалғап, темір бұранда ілген. Айналдыра қойған екінші сымға, есікке қойылатын кәдімгі электронды қоңырауды жалғапты. Зілзала бола қалған жағдайда бұранда тербетіліп, бір-біріне тиген электр сымдары дабылды қосады. Бұған Ауғаныстанда болған жер сілкінісі себеп болды, - дейді Андрей Лысенко. Сол кезде жер сілкінісі Таразға да сезілген болатын. Елмен бірге Андрей де түні бойы көз ілмеген. Енді мына құрылғы көпке пайдалы болатынына сенімді. 

Андрей Лысенк, қала тұрғыны:

- Зілзаладан хабар беретін құрылғылардың бар екенін бұған дейін естігенмін. Бірақ олардың схемасы күрделі жасалған. Өзімді, отбасымды қауіп-қатерден сақтау үшін осындай құрылғы ойлап таптым. Ұйқыдағы адам жердің сілкінгенін сезбей, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Ал мыны дабылдатқыш бірден хабар беріп қауіпсіз жерге шығуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.