Елордада мектеп құрылысына отандық өнім қолдану бойынша көрме өтті

Елордада мектеп құрылысын отандық өніммен, жиһаздармен қамтамасыз ету бойынша көрме өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл –  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде қолға алынған шара. Оған елдің түкпір-түкпірінен 100-ден астам кәсіпорын қатысты. Алдағы уақытта салынатын мектептердің құрылысында отандық тауарды пайдалансақ, экономиканы дамытуға үлес қосамыз, - дейді ұйымдастырушылар. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша биыл 187 мектеп салу жоспарланған.

Мұхамед Андаков, ҚР ИИДМ басқарма басшысы:

- Отандық өндірушілер өндіретін заттарды тастан, кірпіштен бастап жиһазға дейін толықтай мектепті қамтамасыз ету бойынша толықтай Отанда өндіретін заттарды жайғастырдық. Бұл 20 өңірдің барлығынан шақыртылды. 100 компаниядан артық компаниялар бар. Бәрі, міне, өрт қауіпсіздігі бойынша, интерактивті тақта бойынша, барлық затты осы жерде жайғастырдық.