БҚО-да жаралы аққу баққан тұрғын құсты аман-есен аспанға ұшырды

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны бірнеше ай бойы жаралы аққуды бағып қаққан.

Құс төресін көктемде отарына жіберді. Махамбет есімді ауыл тұрғыны киелі құсты өткен жылы қанаты қайырылып жатқан жерінен тауып алыпты. Ол оған осы уақытқа дейін қамқорлық көрсетіп, сауықтырған соң ауыл шетіне келген аққуларға қосты.