Бүгін түнгі аспанда планеталар шеруін көруге болады

Бүгін түнгі аспанда планеталар шеруін көруге болады

Бүгін түнгі аспанда планеталар шеруін көруге болады.

Астрономиялық құбылыс кезінде Меркурий, Есекқырған, Шолпан, Қызылжұлдыз және Ай қатар тұрады. Фесенков атындағы Қазақ астрофизикалық институтының мамандары бұл көрініс өте әсерлі  болады, деп топшылап отыр. Ғалымдар  планеталар шеруін күн ұясына кіргеннен кейін, бірден көруге кеңес береді. Әсіресе, аспанның батыс бөлігінен Меркурий мен Есекқырғанды анық байқауға болады.

Ғаламшарлар шеруі – сирек кездесетін астрономиялық құбылыс. Осы кезде күн жүйесіндегі ірі нысандар бір сызықтың бойына тізіледі.  Ерекшелігі арадағы бұрыштық қашықтық 20-30 градустан аспайды. Яғни  планеталар бір-біріне жақын орналасқан сияқты әсер береді. Бұл құбылысты дәл бүгін көре аласыз. 28 наурызда ол өзінің максималды кезеңіне енеді. Сөйтіп Меркурий, Есекқырған, Шолпан, Қызылжұлдыз бен Ай бір сызықта тұрады.

Виталий Ким, Фесенков атындағы астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері:

- Дәл осы кезде Марс пен Ай бір-біріне жақын орналасқандай көрінеді.  Сондықтан оны қаланың шет жағынан да анық байқауға болады. Егер бұл құбылысты көргіңіз келсе, далаға шығып, Айдың жанындағы планеталарды анық көре аласыздар. Марс планетасы кішкентай қызыл нүкте болып көрінеді.

Меркурий мен Юпитер де  Күнге жақын орналасады. Олар да күн батқаннан кейін бірден көзге түседі. Осы планеталармен бір сызықта тұрған  Уранды да көру қиын емес.  Оның Жерден қашық орналасқаны соншалық, оның жарығын екінің бірі байқай бермеуі мүмкін. Қажеті жақсы дүрбі немесе кішігірім телескоп.

Виталий Ким, Фесенков атындағы астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері:

- Жер сияқты барлық планеталар Күнді айналады. Сондықтан, мұндай конфигурациялар болып тұрады. Ол бұрыштық қашықтық бойынша бір-біріне жақын болған кезде пайда болады. Әрине мұндай астрономиялық құбылысты қалыпты жағдай десек те болады. Мәселен, жылына 5 рет күн тұтылады. Қазақстанда келесі күннің тұтылуы 2030,  2060 жылы болады деген болжам бар.

Планеталар шеруінен өзге биыл тағы бірнеше  әсерлі астрономиялық құбылыс байқалады. Бұл метеориттік жауын. 13 тамызда ғаламшар Свифт-Таттл кометасынан қалған шаңды бұлттардан өтеді. Сол тұста атмосферада жанған шаң  «аққан жұлдыздай» әсер береді. Бұған ұқсас құбылыстар қазан айында тағы екі мәрте болады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Григорий Беденко, Радик Жакупов