Түрмедегі теріс ағымға тосқауыл

Түрмелерде теріс ағым идеологиясының таралуына тосқауыл қою үшін эктремистерді бөлек камераға немесе жеке абақтыға қамау мәселесі талқыланып жатыр.

Алайда сотталған террористерді түгелдей жинап, бөлек орынға жаза өтеуге жіберу тиімсіз болуы мүмкін. Себебі, деструктивті ағымның жергілікті тұрғындарға таралып кету қаупі бар. Осыған байланысты, теріс жолдар жүрген қылмыскерлер мәселесі құзырлы органдардың қарауында тұр. Әзірге оларды 4 санатқа бөліп, түзету амалдарын жасап жатыр. Олармен дін мамандары жеке жұмыс істеп, тура жолға салуға тырысады.