Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанға 6 ай бойы көлікпен бидай кіргізуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елге заңсыз әкелінген бидайдан отандық астық пен ұн нарығы зардап шегіп жатыр. Тіпті көлеңкелі импорттың көлемі жылына 2 млн тоннаға дейін жетіп, мемлекетке 500 млн доллар шығын келтіреді. Контрабандалық астық негізінен көлікпен әкелінеді. Оған тиісті салық та төленбейді, кейін Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Осыдан ішкі нарықта баға арзандайды.

Мысалы, 2022 жылдың шілде айының басынан бастап бидайдың құны тоннасына 170-185 мың теңгеден 80-85 мың теңгеге дейін төмендепті.