Алматыда қоғамдық көлікті цифрландыру мәселесі талқыланды

Қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару – кешенді цифрлық платформаны қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Алматыда өткен көлік компаниялары, әкімдік өкілдері мен сала мамандары қатысқан жиында осы мәселе талқыланды.  Қоғамдық көлікті мұндай тәсілмен бақылау әлемнің көптеген ірі қалаларында қолданылады. Мобильді қосымша арқылы жолаушылар автобустардың қозғалысын, өзіне керек қоғамдық көліктің нақты қай жерде келе жатқанын, аялдамаға қанша уақыттан соң келіп тоқтайтынын біле алады. Мұндай диспетчерлік басқару автопарктерге пайдасы болмаса зиянын тигізбейді. Оның үстіне оны жүзеге асыруға артық шығын шықпайды. Бұған қоса сарапшылар қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға қатысты басқа да әдіс-тәсілдерді ұсынды. Олардың айтуынша, электронды билет жүйесін енгізіп,  саланы толықтай автоматтандыру қажет.

Евгений Серегин, көлік компаниясының әзірлеме орталығының басшысы:

- Мұны тиімді тәсіл деп айтар едім. Яғни, бұл жүйені қолданысқа енгізуге көп қаржы кетпейді. Диспетчерлік басқару бүкіл қаладағы қоғамдық көлікті қадағалауға мүмкіндік береді. Кәдімгі антивирустық бағдарлама секілді жылына бір рет төлем жасайды. Қоғамдық көлікке қатысты бүкіл қызметті осы осы бағдарлама арқылы біліп отырады.