Шымкентте жаңа инновациялық жобаларға бөлінген грант қаражаты талан-таражға түсті

Шымкентте жаңа инновациялық жобаларға бөлінген грант қаражаты талан-таражға түсті.

Негізсіз үлестірілген қайтарымсыз қаржыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері анықтады. Яғни халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға бағытталған жобаға мемлекеттік қызметкерлер мен аудандық әкімдіктің әйелдері де қатысқан. Сондай-ақ заң бойынша жаңа әрі тиімді бизнес жобалар қаржылай қолдауға ие болуға тиіс еді. Алайда наубайхана мен сән салоны, кондитерлік цех ашқысы келетін азаматтар да комиссияның оң қорытындысын алған. Енді осындай 59 кәсіпкерлік жобаға заңсыз грант берілгені белгілі болып отыр. 

Алексей Колосков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы:

- Грант қаражатын бөлудің басты талаптары жаңа бизнес идеяларды қолдауға бағытталуы тиіс. Бірақ көп жағдайда қарапайым жобаларды ұсынғандар қайтарымсыз қаржыға ие болған. Сондай-ақ іске асырылмаған жобалар қолдау тауып, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.