«ҚазАвтоЖол» дауға қатысты жауап берді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Жамбыл облысындағы жолшылардың жалақысы төңірегінде туған дауға жауап берді.

Айтуларынша, мұндай мәселенің орын алғанын бір апта бұрын ғана білген. Бұған дейін ешқандай шағым түспегенін алға тартады. Ұлттық компания қызметкерлердің наразылығы бойынша мән-жайды анықтауға кірісіп, жалпы мердігер мекемені тексеру жұмыстарын бастап кетті. Қандай да бір бұзушылықтар анықталса, мекемемен келісім шарттың күшін жоямыз, деп отыр. Еске салсақ, Жамбыл облысында республикалық маңызы бар тас жолдың күтіміне жауапты 30-ға жуық қызметкер жұмысқа шығудан бас тартқан болатын. Оған жалақының төмендігі, әрі оны бір жыл бойы кешіктіріп беруі себеп болған.

Ләззат Стамғазиева,“Қазавтожол” ұлттық компаниясының ресми өкілі:

- «Шымкентспецкомлекс»-те жұмыс жасайтын мамандар тікелей сол жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен хаттамада отыр. Сондықтан біздер оларға жалақыны көтеру-көтермеу мәселесін қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны шеше алмаймыз. Ол тек осы ЖШС-ның басшылғының құзыретіндегі ғана мәселе. Мердігер мекеме мен ұлттық компания арасындағы келісімшартқа байланысты толықтай тексеру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Тексеру біткеннен кейін қандай шара қабылдап жатқанымызды хабрлаймыз.