Қазақстандық кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне 1,5 млрд тг жуық қарызы бар

Қазақстандық кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне 1,5 млрд теңгеге жуық қарызы бар.

3 мыңға жуық жұмысшы жалақысын күтіп жүр. Бұл туралы бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмысшылардың жалақысын күттіргендердің көбі Абай, Маңғыстау, Алматы облысындағы жұмыс берушілер. Сондай-ақ, еңбек инспекторлары жұмысшылар арасындағы жалақы айырмашылығын да тексереді. Мәселен, Атырауда мұнай-газ секторындағы жекелеген жұмыс түрлері бойынша шетелдіктердің жалақысы қазақстандық жұмысшыларға қарағанда 10 есе көп. Сондықтан, жалақы бойынша берешек кәсіпорындарға апта сайын мониторинг жүргізіліп отыр.  Жыл басынан бері еңбек саласында мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Кәсіпорын басшыларына 54 млн теңге айыппұл салынды.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы:

- Ахуалдық орталықтың маниторингіне жұмыскерлерді босатуға жол берген, жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындар, сондай-ақ, жұмыскерлердің еңбек қатынастары мәселесі бойынша, ұжымдық шағымдар түскен кәсіпорындар енгізіледі. Жалақы бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі. Осы жылдың наурызында республика бойынша 73 кәсіпорын 3900 жұмыскердің алдында 1,4 млрд теңге сомасында жалақы бойынша берешек бар.