Өскемен жол жөндеуге кірісті

Өскемен жол жөндеуге кірісті. Жоспар да айқын. Жолшылар 100 күн ішінде жолдардағы он мың шұңқырды бітейді.

Яғни, тұрғындар жол бойындағы шұрық-тесікті байқаса суретке немесе фотоға түсіріп электронды порталға жолдайды. Сол арқылы кем-кетікте уақытылы жөнделеді.

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғындар атсалыса алады. Ол үшін шұрық-тесіктерді фотоға түсіріп, арнайы телеграмм-арнаға жолдаса жеткілікті. Кейін жөндеуді қажет ететін орындар анықталады. Осылайша, қала ішіндегі жолдардың жағдайы туралы шынайы ақпарат жиналады.

Жоба авторларының сөзінше, ақылды қосымшаның басты ерекшелігі – кері байланыстың болуында. Жүйе фото немесе видео арқылы жолдағы шұңқырдың орнын бірден анықтайды. Халық тарапынан түскен өтініштер сұрыпталған соң жол жөндеуші ұйымның сайтына түседі.

Дмитрий Павленко, жоба авторы:

- Қазақстанда мұндай жоба әлі болмаған. Оны іске қоспас бұрын жұмыс жүктемесін есептедік. Өтініштер көп болса, оларды өңдеуге ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Осы жағын жетілдіруіміз керек.

Жолдағы олқылықтар жойылған соң өтініш берген тұрғынға фотоесеп жолданады. Коммуналшылардың айтуынша, жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жылдам жүргізуге кедерг жоқ. Себебі, мердігер ұйымдардың саны екі есе көп.

Владимир Землянский, қала әкімінің баспасөз-хатшысы:

- Бүгінде алты мердігер ұйымман келісімшарт жасалды. Бұл компаниялар облыс орталығының жол учаскелерін ретке келтіреді. Бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді.

Ағымдық жөндеу жұмыстарынан бөлек жол жабындысын ауыстыру және қалпына келтіру шаралары да қолға алынады. Бұған шамамен 1,5 млрд теңге бөлінуі тиіс. Ал жөндеу жұмыстарының сапасын мемлекеттік мекеме өкілдерімен қатар үкіметтік емес ұйым мүшелері де бақыламақ.