Елде 9 мыңға жуық аутист бала бар

Бұл – ресми дерек. Ал халықаралық ұйымдардың мәліметі бойынша, әлемдегі әрбір 54-ші балаға аутизм диагнозы қойылады.

Қазіргі қоғам осы дерттен құтылудың мүмкіндіктерін іздеумен келеді.

Астанада психологтар мен мінез-құлық сарапшыларының қатысуымен аутизм мәселесін көтеру күніне арналған іс-шара өтті. Мұнда ата-аналар дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестерімен бөлісті. 

Альбина Бисенғалиева, Логопед-дефектолог:

- Жалпы, ата-аналарға міндетті түрде баламен үй жағдайында жұмыс жасау мақсатында курстар ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын. Себебі ата-аналар көп жағдайда үйде не жасарын білмейді. Тек мамандарға алып келеді. Көп орталықтарды ата-аналарды қатыстырмайды. Сондықтан ата-аналар мамандар не жұмыс істеп жатқанын білмейді. Яғни, мамандар ауызша айтқанымен, түсінбей жатады. Сондықтан осындай арнайы мамандардың көмегімен өткізілген онлайн курстар болса өте керемет болар еді.