Қазақстанның жанармайын кімдер әкетіп жатыр?

«Қазақтың жанармайын шетелдіктер әкетіп жатыр. Мұның салдарын жергілікті жұрт көріп отыр».

Түркістан өңірінің тұрғындары, осылай деп дабыл қақты. Жүргізушілер «бензин, дизель тапшы», - дейді. Тіпті біздің сұйық отынды көршілеріміз канистрмен тасып жатқандарын айтады. Жанармайды заңсыз тасымалдау бойынша бір ғана "Атамекен" өткізу пунктінде, бір айда бірнеше дерек тіркелген.

Бұл Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы "Атамекен" өткізу бекеті. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада орналасқан. Жанармайды заңсыз тасу бойынша бекетте соңғы бір айда 15 дерек анықталған. Осы шекара пунктінің басшысын сөзге тартқан едік, ол "жоғарыдағы басшылықтан рұқсат керек" деп сұхбат бермеді.

Сонымен шекара маңында жүріп, тұрғындарды сөзге тарттық. Ақсақалдың айтуынша "Өзбекстаннан жүргізушілер бізге қиыршық тас әкеледі. Сөйтіп, қайтарында бактарын жанармайға толтырып алады".

Кеңес Жаппаров  Атакент кентінің тұрғыны:

- Бактері 1 тоннадан әрқайсының, екі жағында екі багы болады. Екіншіден жеңіл мәшинамен кіріп, міне мынадай жеңіл маштнамен кіріп, одан кейін, Хюндайлар бак қойып алған барлығы. Бензин, солярканы тасып жатыр вообщем. Мынау енді бардак болып кетті ғой мына жерде.

Мына жүк көлігін қараңыз. Зауыттан шыққан багы мұндай болмайды. Ал бұл жерде бакты кеңейтіп алғанын көруге болады. Дөңгелекпен арада иненің көзіндей ғана саңылау қалған. Мұндай жағдай аз емес.

Жалпы қазақстандықтар үшін дизельдің литрі 230 теңгеден сатылады. Ал шетелдіктерге 450 теңгеден берілуге тиіс. Бірақ, көрші елдің мына азаматы жанармайды қазақстандық бағамен алғанын айтып қалды.

Сирожиддин Саидов, / Өзбекстан азаматы /жүргізуші:

- Бұл жердің соляркасы качественный. Машинаға құямыз, нормально жүреді. Бұл жерден құйсақ машинаның маторы 5 жыл шыдаса,  Өзбекстаннан құйсақ 3 жыл шыдайды.

Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өнделеді. Соңғы 5 жылда елде бензин шығару көлемі 70 пайызға, яғни 3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін ұлғайды. Ал дизель отыны 4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін көбейді. Бірақ, бүгінде бірқатар өңірде дизель тапшы. Мұны Болат Ақшолақов та мойындады. Оның айтуынша, 350 мың тонна көлеміндегі тапшылықты,,, қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға тура келді. Ал енді мұндай тапшылықтың бірі осы контрабанда болса қайтпек керек? Жүк көліктеріндегі қосымша бакты нестейміз?

Ерлан Дәуренов, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

- Қазіргі таңда мынау толтырылған протокол бойынша Өзбекстан елінің азаматтары. Өйткені ол кісілерде көліктерінің құжаттарында дополнительный бак көрсетіледі екен. Бірақ, қандай объемда көрсетілмейді, тек доп баг деп көрсетіледі. Ол әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін ғой. Соны енді қалай шешу керек екенін анықтау керек екі тарап. Ол Өзбекстан жақта заңды, біздің жақта заңсыз.

Қосымша бак өз алдына,,, жанармай құю бекеттерін аралап жүріп, жүк көліктерінің астына конистр салып алғандарды да көзіміз шалды. Ал сатушылар шетелдіктерге 300 литрге дейін ғана береміз деген еді. Бірақ, аппараттан өзбек жүргізушілерінің сұйық отынды бір тоннадан артық алғандарын көрдік, Міне дәлел. Осыны түсіріп жүргенде келеңсіз жайтқа тап болдық. Жанармай құю бекетінің маңында біздің операторға шабуыл жасалды.

«Заңсыздықтың салдарын біздің жұрт көріп отыр». Жүргізушілер осылай дейді. Олар «қазақтың жанармайы арзан бағада шетелге кетіп жатқанын,,, содан өзімізде тапшылық пайда болғанын алға тартты».

Роман Жаңабаев, жүргізуші:

- Шымкент қаласында дизель жоқ. Бар, бірақ, уақытысымен береді. Бергенде де 300 литр деп айтқан еді, кәне 300 литрі?! 100 ақ литр береді, болса егер ол. Бірақ, шетел мемлекеттерге 280-300 теңгеден беріп жатыр заправкалар. Егер қазір мен Қазақстанның номерін алып тастап, Өзбекстанның немесе басқа мемлекеттің номерін қояйыншы 300 теңгеден алып кетем мен, беймарал алып кетем.

Болат Ақшолақов: «елдегі дизельдің тапшылығына себеп – баға», - деді. Бізде сұйық отын көрші елдермен  салыстырғанда айтарлықтай арзан. Жалпы Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында.  Қырғызстандағы баға 64 пайызға жоғары. Яғни литрі 390 теңге. Өзбекстанда екі есеге қымбат. 500 теңгеге жуықтайды. Мысалы өзбек жүргізушілері дизельдің литрін бізден 300 теңгеден әкетсе, өздерінде қымбатқа сата алады. Бағадағы айырмашылық  - 101 пайыз.

Пармен Жұмабек, заңгер:

- Егер де сіз сол крупногоборитный транспортқа не қылатын болсаңыз, бүкіл проблема сода дейтін болсаңыз, сіз МАЗУТ КОНТРОЛЬ енгізіңіз. Бұл басқа елдерде қолданып жатқан нәрсе. Егер, иностранный фура сіздің елге кірсе, құйсын. Бірақ, шыққан кезде 300 литрден жоғары болмау керек та багында. Егер жоғары болатын болса, онда штравной санкция салынатын болады. Штраф салынады, қалған солярка конфискафатся етіледі. Одан кейін контрабанда бар. Біз Үкіметке айтып жатырмыз, бүкіл ішкі нарыққа келіп жатқан объем прозрачный қылыңыз.

Түрлі жолдармен қазақстандық дизельді шетелге сатудан түсетін пайда 50-ден 120 пайызға дейін жетеді. Ал жалпы жылдық пайда шамамен 140 млн долларға жуықтайды. Нақтырақ айтсақ, бір жүк көлігі бір тоннадан төрт тоннаға дейін жанармай құя алады. Егер бір фура Қазақстанда жанармай құйып, оны Өзбекстанға апарса 1 тоннадан 700 доллар көруге болады. Қырғызстанда бір тоннадан – 250 доллар таба алады.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Рауан Мыңбаев, Асхат Қарақойшиев, Нұрмахан Бекмұратов