Елордада ерекше балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті

Елордада ерекше балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті.

Бұл Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орайластырылған. Ерекше балалар сахнада ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнады. Айта кетейік, 2008 жылдан бастап 2 сәуірде бүкіл әлемде аутизм мәселесіне арналған түрлі акциялар мен іс-шаралар өтеді. Мамандардың айтуынша, соңғы 8 жылда Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны, екі есеге артқан. Ата-аналарды, ерекше балаларды қолдау біздің елде де, сырт қалған жоқ. Арнайы орталықтар мен мамандар үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Бірақ ғАлымдар бұл сыртқаттың сырын, әлі зерттеу үстінде.

Шынар Әжмолдаева, ерекше балаларға арналған фонд құрылтайшысы:

- Қазақстан бойынша статистика жүргізіледі. Қазір енді 34 баланың ірбір 34- ші бала осындай диагнозбен кездеседі. Осыдан 6-7 жыл бұрын біз жұмыс бастаған кезде әрбір 68-ші бала еді. Бала жылдан-жалға көбейіп жатыр. Бұл аутизмді 21-ші ғасыр эпидемиясы десек болады.