Елордалық 50 студент ауылға барып жұмыс істейтін болды

Араға ұзақ уақыт салып, студенттердің механикаландырылған жасағы ауылға қайта аттанды.

Елордалық 50 студент көктемгі егіс жұмыстарына орай шаруақожалықтарға барып, жұмыс істейтін болды. "Агроинженерия" саласында білім алып жатқан жастар осылайша теория мен тәжірибені ұштастырады. Әрі ұмыт қалған ескі дәстүрді жалғастырып, дала жұмыстарын дәріптеуді жоспарлап отыр. Оқытушылардың айтуынша, бұл бастама арқылы студенттер жаңа технологиямен танысып, тың тәсілдерді игереді. Тиісінше, кейін жұмысқа орналасуы да оңай болады. Биыл 50 студент Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына барып, жұмыс істейді. Алдағы уақытта жасақ құрамын арттыру жоспарда бар. Жастар жатын орынмен және үш мезгіл тамақпен қамтылады.

Ержан Ахметов, С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАТУ техникалық факультет деканы:

- Студенттер сол жерде, ең бірінші, көктемгі егін егу жұмысы, жазғы күні мал азығын дайындау, күзгі егін ору процесіне қатысады. Сонда бүкіл технологиялық процесске қатысып, өздерінің теориялық білімдерін өндірістің тәжірибеде шыңдап жақсы инженер шығады деп сенеміз.

Нұртілеу Бейбітхан, студент:

- Біз осы жақтағы теориялық білімдерімізді сол жақта практикада қолдану арқылы білімізді шыңдай отырып, жаңа технологияны, сол жерде жұмыс істейтін мамандардан тәжірибе алып, білімізді шыңдаймыз деп ойлаймын. Біз дәл қазір егін егу алдындағы техникалық даярлыққа барамыз. Бізден кейін баратын топ егін егуге барады.