Петропавл мектебінде шабуыл жасаған оқушының жағдайы тікелей бақылауда

Петропавл мектебінде қатарластарына шабуыл жасаған оқушының жағдайы тікелей бақылауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеулер толыққанды аяқталған соң арнайы комиссияның шешімі жарияланады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аталған іске қатысты процедуралық мәселелер жалғасып жатқанын айтты. Мамандар тарапынан баланың денсаулығына қатысты тиісті анықтамалар бар. Қылмыс жасаған бала қамауда, тергеу аяқталмайынша мәлімдеме жасау ерте, - деді Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ Петропавл мектебіндегі оқыс жағдай қайталанбас үшін елдегі барлық білім ошақтарындағы нақты мәселелер назарға алынған. Кәсіби психологтардың қызметін дамыту қажет, - деп қосты білім саласының басшысы. 

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Біз қазір мектеп психологтарын бұл бағыттағы қабілеттерін жетілдіру мақсатында оқытудың қажеттігін байқап отырмыз. Біріншіден, осы жылдан бастап психологиялық қызмет ресми түрде құрылды. Екіншіден, бұл қызметтер барлық қажетті әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі. Олардың кәсібилігі артады.