Павлодар облысындағы перинаталды орталыққа жабдық тарту етілді

Павлодар облысындағы перинаталды орталыққа жабдық тарту етілді

Ертіс өңіріндегі перинаталды орталықтың материалдық-техникалық базасы офтальмологиялық құрал-жабдықпен толықты.

Жаңа құрылғы шала туған балалардың көзіне скрининг жүргізуге арналған. Яғни шақалақтардың көру қабілетінің бұзылуын ерте анықтауға және ем-дом шараларын ертерек бастауға мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтың құны 33 млн теңгеден асады. Аппаратты іске қоспас бұрын дәрігерлер оқыту курстарынан өтеді. Мамандардың айтуынша, бұған дейін қолданыста болған құрылғы ескірген. Енді заманауи жабдықтың көмегімен қызмет сапасы артып, көз аурулары дер кезінде емделетін болады. Айта кетейік, перинаталды орталық мамандары бір жылда «ретинопатия» диагнозы қойылған нәрестелердің көзіне 40-тан астам операция жасайды. Ота балалардың көру қабілетін 100%-ке қалпына келтіреді.

Жаңылай Қапанова, облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Салмағы екі келіден аз шала туған нәрестелер жіті назарымызда. Төрт апта толғанда көз дәрігері осы құрылғының көмегімен тексереді. Шақалақтар арасында «ретинопатия» ауруы жиі кездеседі. Оны дер кезінде анықтап емдемесек, бала мүгедектікке душар болуы мүмкін. Сондықтан жаңа құрылғының көмегімен ем-дом тиімдірек болады.