Жетісу облысында заңсыз жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысындағы Панфилов ауданының әкімдігі кейбір азаматтарға ауылшаруашылық мақсатындағы жерді конкурссыз берген.

Аймақ прокурорлары осындай заңсыз әрекеттің 40 шақты фактісін анықтады. Сонымен қатар 15 гектар жер елді мекеннің бас жоспарын бұза отырып үлестірілгені белгілі болды. Яғни ағаш егілуі тиіс аумаққа үй және сауда-саттық нысандары тұрғызылмақ болған. Заңды белшесінен басқан шенеуніктердің ісі жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесінде әшкереленді.

Бауыржан Тойбаев, Панфилов ауданының прокуроры:

- Атқарылған жұмыс нәтижесінде комерциялық нысанға берілген 129 жер учаскесі біздің қадағалау актісімен қайтарылды. Ол жер учаскелерінің кадастрлық құны 130 млн теңге тұрады. Қазіргі таңда ол жер учаскелері  қайтарылып, мемлекетке өткізілді.