Астана - Екатеринбург бағытындағы жолға арнайы құрылғы орнатылды

Республикалық маңызы бар Екатеринбург - Астана бағытындағы тас жолға арнайы қауіпсіздік құрылғысы орнатылды.

Барабан тәрізді тосқауыл қоршаудың ұзындығы 60 метрді құрайды. Алғаш рет құрылғыны көлік ағыны көп елді мекен тұсына орнатты. Ал корейлік қондырғының құны 10 миллион теңге тұрады. Жол саласы мамандарының айтуынша, айналмалы тосқауыл көлік апатының алдын алуға септігін тигізеді. Яғни көлік абайсызда жол жиегіне соғылса, қарсы бетке шықпай тұрып қалады. Республикалық жолдарға жауапты компания бұл пилоттық жоба тиімділігін көрсетсе, оны өзге де өңірлерге енгізуді көздеп отыр. 

Ләззат Стамғазиева, «ҚазАвтоЖол» компаниясының ресми өкілі:

- Қазір Тлендиев көлік айрығында бірінші рет орнатылып жатса, осы бір ай көлемінде Талапкер елді мекені, Ақмола өңіріндегі, сол жерде де жасайтын боламыз. Бұл құрылғы көлік, қандай да бір көлік апатына ұшыраса, жолдың арғы бетіне шығып кетпей, осы жол бойында айналып тұрған барабандардың нәтижесінде жол бойында қалып, сол құрылғының бойымен қозғалатын болады. Бұл құрылғының ерекшелігі сонда. Екінші жақта келе жатқан жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.