ШҚО-да дала өрті әдеттегіден ерте тіркеле бастады

Шығыс Қазақстанда дала өрті тіркеле бастады.

Соңғы 5 күнде 3 гектар аумақ жанып кетті. Құтқарушыларға 11 рет шақырту түскен. Тілсіз жау Риддер, Алтай, Өскемен қалаларының шеті мен Күршім, Глубокое аудандарында тіркелді. Барлығы да елді мекенге жақын аумақтар. Облыста қар әлі, толықтай еріп біткен жоқ. Дегенмен, дала өртінің қаупі жоғары, дейді мамандар. Былтыр күзде өңірде 5 жерде шыққан өрт салдарынан 11 мың гектардан аса орманды-далалы алқап жанып кетті. Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:

- Бір қарасаң бір жағынан қар әлі толық еріп біткен жоқ,ал кейбір өңірлерде осындай құрғақ ауа райы болып даладағы өрт шығып жатыр. Даладағы өрттің негізгі шығу себебі, мысалы, жол боында көліктің терезісінен сөндірілмеген темекі тұқылын лақтырады немесе қыдырып жүріп бір  жерде болатын болса сіріңкені лақтыра салу мүмкін,не бір жерде алау жағып оны толық аяғына дейін сөндірмеген жағдайда оның арты осыдай өртке әкеп соғып жатады.