Бұқпа өзенін бүлдіргендер жауапқа тартылады

Бұқпа өзенін бүлдіргендер жауапқа тартылады

Қарағанды экологтары Бұқпа өзеніне кәріз қалдықтарының құйылуына себеп болған коммуналдық кәсіпорынды сотқа берді.

Өйткені алынған сынамалар нәтижесі өзеннің эко-жүйесіне айтарлықтай зиян келтіргенін анықтаған.

Енді коммуналдық кәсіпорын өзенді қалпына келтіруге міндеттелді. Бұдан кейін мамандар арықтарда зиянды қалдықтардың бар-жоғын қайта тексереді. Еске салсақ, магистральді коллектордағы апат салдарынан, кәріздегі қалдық су бірнеше апта бойы Бұқпа өзеніне құйылған. Оны алғаш, жергілікті тұрғындар байқап, дабыл қаққан еді.

Дархан Исжанов , облыстық экология департаменті басшысы м.а:

- Департамент лабарториясымен сынамалар алынған Бұқпа арнасы бойынша. Оның нәтижесінде нормалардың шектен шыққаны анықталған. Ол темір бойынша, аммоний-йон бойынша және ХПК бойынша. Жалпы қандай әсер келгені жерге ол да зерттеледі. Осы шаралар мамырдың аяғында бітеді.