Балқаш қаласы ауызсусыз қалды

Балқаш тұрғындарының ауызсусыз отырғанына бір тәуліктен асты.

Қалаға тіршілік нәрін жеткізетін негізгі «Тоқырауын-Балқаш» магистральды құбыры жарылған. Коммуналдық қызмет түні бойы ақауды қалпына келтіріп жатыр. Кешке дейін қосуға уәде берді.

Айта кету керек, қазір шаһарда 80 мың халық тұрады. Әлеуметтік нысандарға су көлікпен тасымалдануда. Жергілікті әкімдік мамандарының мәліметінше, бүгінде құбырдың 75 проценті тозған. Оны жаңартуға екі жылдық жоспар құрған. Биыл қалаішілік 30 шақырым құбыр ауыстырылады екен.

Темірхан Айдарханов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:

- Қалаға основной труба ғой жарылған 800-дік диаметрі. Соның ортасында бізде колодец бар. Соның ішінде сброс жасайтын задвижкасы бар. Сол жарылып кеткен ғой. Қазір колодецтің ішінде откачка жұмыстары жасалып жатыр. Бұл енді сағат 4-5 ке қарай аяқталады. Бұл енді тозығы жеткен құбырлар ғой.