Павлодарда Ираннан қарбызды заңсыз тасымалдаған көлік тоқтатылды

Сәуір айында қайдан пайда болған қарбыз?  Павлодар облысының полицейлері 3,5 тонна қарбыз тиеген көлікті тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ираннан Астанаға бет алған көлік жүргізушінің өнімді заңсыз тасымалдағаны анықталды. Ерте көктемдегі ерекше жүкті полицейлер салық органдарына табыс етті. Бірнеше елдің шекарасын кесіп өткен жүк көлігіне қатысты тексеру жүріп жатыр.

Асқар Аралбаев, Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы:

- Жүргізушінің өзімен бірге өнімге тиісті құжаттары болған жоқ. Ары қарай талқылау үшін жүргізушімен жүк таситын көлік Успен ауданының салық органына жеткізілді. Бұрын осындай факті Успен ауданының полиция бөлімінде тіркелмеген.