Есілдің суы көтеріледі

Судың қатері әлі де бар.

Сәуірдің 7-сі, 9-ы күндері аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын бойлай ағатын Есіл өзенінде мұз еріп, су деңгейі көтеріледі. Мамандардың айтуынша, Атбасар қаласы мен Қалқұтан, Рузаевка, Крещенка сынды ауылдар қауіпті аймақта тұр. Су деңгейі көтерілген сайын өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендер, шаруашылықтарға сақ болған жөн.