Шымкентте студенттер мен мектеп оқушылары ғылыми жобаларын таныстырды

Шымкентте студенттер мен мектеп оқушылары ғылыми жобаларын таныстырды.

Көрмеге жастардың ІТ технология мен робототехникадағы жетістіктері, жасыл экономиканы дамытудағы ғылыми ізденістері қойылды. Жас ғалымдардың электр энергиясын үнемдеуді зерттеп, жарық өндіру технологиясын дамытуға ден қойғанын аңғаруға болады. Олар өскіндердің фотосинтез құбылысы арқылы электр тогын өндіруге болады,-дейді. Ал Нұрасыл Есбол жасанды интелектке ие протез ұсынды. Мүгедектерге арналған «Бионикалық қол» қалалық, республикалық олимпиадаларда жүлдеге іліккен. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғылымға арналған 10 күндік аясында осындай үздік жоба авторларына білім гранттарын ұсынып отыр.

Нұрасыл Есбол, №80 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы:

- Мысалы осы бионикалық қолды салады қолы жоқ адамдарға. Сөйтіп тамыр датчигімен адам өзі сезіп басқара береді қолын. Алған бетімнен қайтпаймын. Алда тағы да болады. Сол жолы осыны дамытып, әрі қарай практикалық тұрғыда кигізіп көрсетемін.

Дария Қожамжарова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

- Ғылым күніне арналған 10 күндіктің ішінде біз жастарды, мектеп оқушыларын, жас ғалымдарды және өзіміздің академиктер мен ғылым докторларының колобарация жүйесін ортақтандырып, тағы да бір жаңа ойлардың, тұжырымдамалардың пайда болуына әсер жасамақпыз.