Елдің 8 өңірінде жол құрылысы басталды

Күн жылынғаннан кейін еліміздің 8 өңірінде жол құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде мамандар орташа және күрделі жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Ал құрылысы ұзаққа созылған  Атырау-Астрахан, Қарағанды-Балқаш, Меркі-Бұрылбайтал, Күрті-Бұрылбайтал және Талдықорған-Өскемен бағытындағы тасжолдар қайта жаңартылады. Жөндеу жұмыстарына 8 мың арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдырылған.

Ләззат Стамғазиева, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі:

- Жалпы, елімізде 3,6 яғни 3600 шақырым жол реконструкция жұмыстарымен қамтылған. Ал 3400 шақырым жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Биылға ең басты көздеп отырған мәселе асфальты жоқ жерлерге асфальт төсеп, жүрісті қамтамасыз ету. Ал содан кейін қалған жұмыстар жасалады, яғни қалыпқа келтіру, шамдарды орнату, жолтаңбасын сызу деген сияқты қалған жұмыстар.