Көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр

Жастарды әскер қатарына шақыру науқаны жалғасып жатыр.

Астана қаласында жиын пунктінде сарбаздар алғашқы 3 күнін өткізіп, толықтай медициналық тексеруден өтеді. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жасақталып, 200 ер азамат борышын өтеуге аттанды. Сонымен бірге, бүгін Елордамыздан десанттық шабуылдау бойынша 40-тан астам бозабала әскер қатарына жіберілді. Көктемгі әскерге шақыру кезінде сарбаздар Қорғаныс істері ,Ұлттық Ұлан және шекара қызметіне алынады.

Медет Тұрскелді, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

- Бүгінгі таңда Қорғаныс Министірлігін жасақтауға кірісіп кеттік. Астана қаласынан шамамен 500 адам шақыртылады. Кейін мамыр айы мен маусым айынын аяғына дейін Ұлттық Ұлан қатарына шақырамыз. Сонымен әскерге шақыру науқаны аяқталады.

Кодекстің 647 бабы бар ,жалтап жүрген әскери шақырушыларға 5 айлық көрсеткіш шамасында айыппұл салынады. Мүлдем себепсіз бас тартып жатса онда қылмыстық кодекс бар. Қыдмыстық Кодекстың 387 бабына сәйкес 1 жыл көлемінде немесе 1мың айыппұл шамасында немесе 1 жыл көлемінде бас бостандығынан айырылады.

Дархан Сүлейменов, сарбаз:

- 1 наурызда шақырту келді, Байқоныр ауданына барып барлық тексеруден өттім. Қазір Десанттық шабуылшы қатарына іліндік. Бүгін кешке Қапшағайға барамыз. Өз еркіммен келдім. Болашақта жұмыспен әскерде қалуым мүмкін. Әскерді әр ер азамат атқару міндет деп есептеймін.