Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмысы тоқтап қалды

Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауын бекіту мерзімінен кешігуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзен арнасының өзгеруіне байланысты Жайық жағасында орналасқан «Махамбет», «Талдыкөл» және «Алға» ауылдарын су басу қаупі жоғары. Осыған орай 2021 жылы жағалауларды бекіту жұмыстары басталған еді. Жобаны жүзеге асыруға 10 млрд 900 млн теңге шамасында қаражат қарастырылған. Оның жартысынан астамы игерілді. Бірақ жергілікті билік өкілдері мердігер мекеменің жұмысына көңілдері толмайтын көрінеді. Учаскелерде адам күші жеткіліксіз, техника жоқ. Жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағандықтан, кестеден кешігіп жатыр.

Нұрлан Сапаров, аудандық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Енді құрылысқа тоқталатын болсақ, құрылысқа қажетті 4,5 шақырымға тіреу, қиыршықтас пен гравион тастары бәрі әкелініп отыр. Мердігері «Павлодар речной порт» мекемесі. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің көтерілуіне сәйкес жұмыстары тоқтап тұр. Жұмысшылардың барлығын ақысыз демалысқа жіберіп отыр.