Өскеменде «Будем жить» атты қайырымдылық фестивалі басталды. LIVE

Ерекшілігі сол, бұл кешке жиналғандар тек мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан түрлі бұйымдар көрмесін тамашалап, олар ұйымдастырған концерттік бағдарламаны көрді. Шараға қатысушылар «ерекше» азаматтардың бойындағы күш-жігерге, өмірге деген құлшыныстарына тәнті болды.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Өскеменде бұл фестиваль биыл екінші рет өтіп жатыр. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған еді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғам тарапынан қандай көмек, демеу керегін айқындап берген әдемі кеш болғандықтан енді дәстүрлі түрде өткізілетін болды. Бүгін, мінеки, Ертіс концерт ғимаратының ішінде тұрмыз. Бұл кешке дәл қазір 100ден аса адам қатысып жатыр. Осы жерде қолданбалы өнер туындыларының түр-түрі қойылған. Барлығы да әдемі, ерекше және осының бәрі жарымжан болса да, шебер адамдардың қолыннан шыққан. Арасында, мінеки, мынадай ойыншықтарды, сәндік заттарды көруге болады. Бір қарағанда бұл жай бұйым болғанымен, нағыз еркіндікті, өмірге деген құлшынысты, сенімді білдіретін заттар. Тіпті кейбірі арт-терапия бойынша шеберлік сағатын өткізуге де дайын тұр. Фестивальға келіп, мүгедек азаматтарға қолдау білдіріп жатқандар да көп. Осы жерде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің осы облыстағы өкілдігінің бас маманы Мурзат Бауыржанұлы да жүр екен.

Мурзат Хамитов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ШҚО өкілдігінің бас маманы:

- Әрине, бұл кісілердің маңызы зор. Өйткені қазір осындай азаматтар Парламентте де отыр, облыстық мәслихат қатарында да бар. Бұл дегеніңіз олардың өз пікірі, өз көзқарасы бар екенін білдіреді. Дегенмен осы адамдарды қолдау үзілмеу керек, қай жағынан болмасын, оларды сырт теуіп, ұмыт қалдырмауымыз қажет.

Эльмира Ахметова, тілші:

Иә, иә дәл осы шараны көз жанарынан айырылған, зағип азамат ұйымдастырып отыр. Бірақ барлығы өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Көрмедегі бұйымдарды сатудан түскен қаражатқа ең мұқтаж деген адамдарға көмек көрсетілетін болады. Ем-дом алуына жағдай салады. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі болса да, рухы биік азаматтар өздеріне де, өзгеге де мотивация беріп жатыр. Бүгінгі фестивальді қарап, төрт қабырғаға қамалып отырудан гөрі, тірлік етуді, талпынуды насихаттау бұл кісілердің қолынан келді. Өйткені қолдау білдіруге келген түрлі қайырымдылық ұйымының өкілдері  де біз де ерекше әсер алдық. Айта кетсем болады, облыста қазіргі күні 28 мың мүмкіндігі шеутеулі адам бар.