Сенаторлар «Ел Арнаның» телеарнасының жұмысымен танысты

Сенаторлар «Ел Арна» телеарнасына барып, арна ұжымымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ депутаттар ғимараттың материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен маңызын талқылады.

Айта кету керек, «Ел Арна» мазмұнын жастар аудиториясына бағыттағалы көрермендеріне білім беру, рухани-танымдық жанрдағы жобаларды ұсынып келеді. Сенаторлар өз кезегінде ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге ерекше назар аудару қажеттігін тілге тиек етті.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданған болатын жақында жастар саны 35 жасқа ұлғайды. Яғни, 6 млн 200 мың адамнан тұратын нарық пайда болды деген сөз. Осыны қандай контентпен қамтуға болады, жастардың таным-түсінігін отансүйгіштік түсінігін қалай қалыптастыруға болады деген мәселелерді алда үлкен талқылаулар болатын, үлкен талқылауда қарастыратын боламыз.