Ақтөбе облысында балық аулауға тыйым салынды

Қазір балықтың уылдырық шашатын кезең.

Ақтөбе облысы 10 сәуірден бастап қармақ салуға тыйым салды.. Атап айтқанда, сазан, шортан, көксерке, қызыл көз секілді бірнеше түрін ұстауға болмайды. Тыйым салу мерзімі маусымға дейін жалғасады. Осы кезеңде балық қорғау шаралары да қауырт жүргізіледі. Былтыр өңірде 51 іс қаралып, оның екеуі сотқа жолданған. Ал облыс бойынша 90-нан астам тоған бар.   

Нұрболат Дүйсенов, Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- 10 сәуірден бастап, инспекция қызметкерлерімен және табиғатты қорғау мекемелерімен, полиция департаменті қызметкерлерімен облыс аумағында біріккен рейд шаралары жүргізіледі. Әуесқой балық аулаушыларға балық аулау қағидасын сақтауын сұраймыз.