Павлодарда заманауи полиция бөлімшесі ашылды

Павлодарда жаңа форматта жұмыс істейтін заманауи учаскелік полиция бөлімшесі жұмысын бастады.

Бұл бөлімше халық саны 60 мыңға жуықтайтын Усолка шағын ауданында қызмет көрсетеді. Кешенде азаматтарды қабылдауға бар жағдай қарастырылған. Бейнебақылау камералары орнатылған. Қабылдау бөлмесі, халықпен жұмыс істеуге арналған конференц-зал, ана мен бала бөлмесі бар. Бөлімшеде 16 полиция қызметкері жұмыс істейді. Жаңа нысанның ашылуына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты. Ведомство  басшысы аймақтың активімен кездесіп, әзірленіп жатқан  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын талқыға салды.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Мына қоғамдық қауіпсіздік  ортақ жауапкершілік дейміз. Тек ғана полиция оған жауапты емес  деп, соның салдарымен емес себептерімен күресу бағытында әзірленіп жатқан. Сондықтан әрбір елді мекенді аралап осылай халықтың ұсынысын толықтырып. Сол кезде мен ойлап отырмын, сол өзі мынау қағаз түрінде емес, із жүзінде жүзеге асып, сол біздің қойылған индикатормыз бар. Ол мынау қоғамның қауіпсіздігі, мүліктің қауіпсіздігі.