Қазақстан пияз экспортына шектеуді алып тастады

Қазақстан пияз экспортына мораторийді ішінара алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фермерлер бұл өнімді енді сыртқа шығара алады. Дегенмен белгілі бір мөлшерде ғана ғана тасуға рұқсат. Квотаның жалпы көлемі – 20 мың тонна. Мұның ішінде бір кәсіпкер өзге елге тек 500 тонна пияз шығара алады. Бұл туралы Ауыл шаауашылығы министрлігі хабарлады. Ал пияз тасуға қаңтар айында бағаны тұрақты ұстау үшін шектеу қойылған болатын. Өйткені ол кезде Пәкістанда су тасуы себепті ол жақтағылардан қазақстандық арзан пиязға сұраныс көбейген.