Қызылордалық жастарға бизнесті дамытуға жеңілдетілген несие беріледі

Биыл 850 қызылордалық бизнесін дамыту үшін жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

2,5 проценттік үстемемен берілетін қаржыны ауыл тұрғындары мен 35 жасқа дейінгі жастар ала алады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 4,5 милиард теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарламаға студенттер, жұмыссыз азаматтар мен бизнес субъектілер де қатыса алады.

Сонымен қатар өңірде «Мен кәсіпкермін» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында 600 адамға кәсіпкерлік курстарын оқып, бизнес жоспарларын жүзеге асыруға көмек беріледі.

Пірмұхаммед Сыздықов, «Атамекен» ҰКП филиалының директоры:

- 5 миллионға дейін беріледі бұл кредит мөлшері. Шамалы айырмашылықтары бар. Егер мал шаруашылығы болса, 7 жылға дейін, басқа салалар болса 5 жылға дейін берілетін болады. Жеке кәсіпкер болып ашылса, шаруашылық негізінде ашылса, 8,5 миллионға дейін берілетін болады. Егер кооператив болған жағдайда 27 миллионға дейін берілетін болады.